Көлігі бұзылып, тоқтаған еді: Астанада жүргізуші ажал құшты
Астанада көлігін жөндеймін деп жол жиегіне тоқтаған жүргізушіні өзге көлік қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға Қошқарбаев пен Орхон көшелерінің қиылысында болған. Volkswagen Passat жүргізушісі техникалық ақауға байланысты көлігін тоқтатып, көліктің жүк салғышының жанында тұрған. Дәл осы сәтте оны Hyundai Tucson көлігі қағып кеткен.
«5 қазанда Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесімен келе жатып, Орхон көшесінің қиылысында техникалық ақауға байланысты тоқтап, көліктің жүк салғышы жанында тұрған Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Tucson автокөлігі коммуналдық (арнайы) тұраққа қойылды, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар