“Көңілдестерінің есімдері…”: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі үнсіздігін бұзды
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің экс-жұбайы Назым Қахарман өмірбаяндық кітабын шығаруға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.
Оның айтуынша, кітап қазір баспада қаралып жатыр, ал таныстырылымы биыл күзде өтеді деп жоспарланған. Назым Қахарман туындының автофикшн жанрында жазылғанын айтты. Яғни кітап нақты оқиғаларға негізделгенімен, кейбір көркем элементтер де қамтылған.
Автордың сөзінше, кітапта бұрынғы күйеуінің көңіл жарастырған әйелдері туралы да айтылады. Алайда ол олардың тек есімдерін келтіріп, тектерін жарияламайтынын жеткізді.
Сонымен қатар Қахарман егер ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау туралы талап-арыздар түссе, өз сөздерін дәлелдеуге дайын екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, өзінде бұрынғы жұбайының хат-хабарлары мен өзге де дәлелдер сақталған.
Еске салайық, бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді «Её звали Салтанат» атты кітап шығарып, онда Салтанат Нүкенованың өмірі мен сот процесі туралы баяндаған болатын.
Соңғы жаңалықтар