«Көңілім енді тынышталды»: Асқар Жұмабеков түрмеден шыққан соң әкесіне көлік сыйлады

04.12.2025 17:05 Айсұлу Мұрат
«Көңілім енді тынышталды»: Асқар Жұмабеков түрмеден шыққан соң әкесіне көлік сыйлады
0
58
Коллаж: ozgeris.info. Суретте: Асқар Жұмабеков және әкесі

Бұған дейін мейрамханада болған жанжалдан кейін темір тордың ар жағында отырған актер Асқар Жұмабеков әкесіне қымбат сый жасап, көпшілікті елжіретті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі бұл қуанышты сәтпен әлеуметтік желідегі парақшасында өзі бөлісті. Ол жазбасында басынан өткен ауыр кезеңдерді еске алып, темір торда отырған уақытта әкесінің күйі өзіне қатты әсер еткенін жасырмады. Сол бір сын сәттердің орнын қуанышқа толы естеліктермен алмастырғысы келетінін жеткізді.

Актер әкесіне сыйлаған темір тұлпарын шынайы алғыс пен терең сағыныш сезімімен табыстап, былай деп жазды:

«Әкешім, асқар тауым — игілігіңізге мініңіз. Сіздерді қуанту — біз үшін үлкен бақыт. Кішкентай ғана сыйлық болса да, барлығы сіздердің көңілдеріңіз үшін. Менің көңілім енді аз да болса тынышталды. Қара қапаста отырғанымда сіздің маған кездесуге келген сәтіңіз ешқашан көз алдымнан кетпейді. Жылағыңыз келіп тұрса да, сыр бермей, ішіңізден қан жұтып отырғаныңызды анық байқадым. Туған баласын темір тордың ар жағынан көріп, көмектесе алмай отырған әкенің қандай күйде болатынын сол кезде жан-тәніммен сезіндім. Сол ауыр күндердің орнын осындай қуаныштармен толтырғым келеді», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары актердің бұл әрекетін шынайы адамгершіліктің көрінісі деп бағалап, әке мен бала арасындағы берік байланысты ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий