«Көңілін түсіріп, ренжіттім»: Дариға Бадықова туған күнінде ағынан жарылды

02.12.2025 16:21 Мөлдір Талғат
«Көңілін түсіріп, ренжіттім»: Дариға Бадықова туған күнінде ағынан жарылды
0
316
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Дариға Бадықова

Жаңа жасын Дубайда қарсы алған актриса Дариға Бадықова желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Ол өзіне деген тілегін жаза кетіп, талай жоспары барын жасырмады. 

"Бір жылдың қадірін білгің келсе, келесі сыныпқа өте алмай қалған оқушыдан сұра. Бір айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық шарананы дүниеге әкелген анадан сұра… Ал бір минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұра дейді.

Құдай бәрімізге бірдей 24 сағат, 1 өмір берді. Әр минут-секундымыздың қадірін білу я білмеу - пенденің өз таңдауы. Ал маған осы жылым көп дүниенің құнын ұқтырды, бәрінің өткінші екенін анық түсіндім… Көп адамға сенемін, құшағымды ашамын. Топ адамның арасында өзімді жалғыз сезіндім...

Кей адамдардың көңілін түсірдім,
Кей адамдарды қуанта алдым.
Кей адамдарды ренжітіп алдым,
Кей адамдарды жұбата алдым.
Кей адамға барыммен сеніп, сосын артынан есімді жиып алдым.
Кей адамдар мені түсіне алмады,
Кейбіріне амбициям ұнамай қалды… Не де болса, мен өзіме адалмын. 
Мерейлі жасың құтты болсын, Бадыкова! Құдай денсаулық берсін, сен жасайтын әлі талай туынды, талай миссия бар. Өзіме шын тілегім бар еді, жанымдағы жандар адалынан болсыншы деген!", деді актриса. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий