Конституцияға жаңа талап: Жемқорлардың сайлауға түсуіне біржола тыйым салынбақ

26.01.2026 14:13 Арман Ермеков Арман Ермеков
Конституцияға жаңа талап: Жемқорлардың сайлауға түсуіне біржола тыйым салынбақ
278
Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғалардың сайлану құқығын шектеу бастамасы көтерілді, деп хабарлайды Politico.kz

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров Ата заңға маңызды өзгеріс енгізуді ұсынды. Депутаттың бастамасы қабылданса, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азаматтардың сайлауға түсу құқығы біржола шектеледі.

Халық қалаулысының пікірінше, бұл түзету қоғамның қазіргі сұранысына толық жауап береді. Қолданыстағы заңнама бойынша сот әрекетке қабілетсіз деп танығандар мен бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтар сайлауға және референдумға қатыса алмайды. Енді бұл тізімді жемқорлармен толықтыру көзделіп отыр.

«Бұл норманың ең маңызды тұсы – қоғамда теріс пікір қалыптастырған сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарына қарсы талапты күшейту. Егер азаматтың жемқорлыққа қатысы бары сотпен дәлелденсе немесе оның өтелмеген соттылығы болса, ол сайлану құқығынан айырылуы тиіс», – деп мәлімдеді Нұрлан Бекназаров.

Комиссия отырысында бұдан бөлек мемлекеттік маңызы бар өзге де мәселелер талқыланды. Сарапшылар Бас прокурордың өкілеттік мерзімін бес жылмен шектеуді және президент сайлауы өтетін күнді өзгерту туралы ұсыныстарды ортаға салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий