Елімізде президент сайлауы өтетін күнді өзгерту ұсынылды

26.01.2026 12:15 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Елімізде президент сайлауы өтетін күнді өзгерту ұсынылды
296
Фото: Конституциялық комиссияның отырысынан

Бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Конституциялық комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға ұсынылатын өзгерістерді атап өтті.

Оның айтуынша, ел Конституциясының 41-бабына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұл бап – Қазақстандағы президент сайлауының датасына байланысты. Онда қазір президент сайлауы өтетін күн желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген.

Ұсынылған өзгеріске сәйкес, президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп белгіленеді.

«Конституцияның 41-бабы Президенттің кезекті сайлауын тағайындау және өткізу тәртібін реттей отырып, жоғары мемлекеттік биліктің жаңарып отыруына қатысты конституциялық шеңберді белгілейді. Қолданыстағы редакциядағы Конституцияда сайлауды өткізу күні нақты бекітілген, яғни, желтоқсан айының бірінші жексенбісі деп көрсетілген. Мұндай норма әртүрлі, объективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың туындауына әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты Конституцияның 41-бабында Президенттің кезекті сайлауы оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда өткізіледі деп көзделеді»,- деді Ерлан Сәрсембаев.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий