«26 рет пышақ сұққан»: Қарағанды облысында әйелін пышақтаған ер адам ұсталды
Қарағанды облысының Абай қаласында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды Politico.kz.
28 жастағы әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оған шабуыл жасады деген күдікпен 34 жастағы күйеуі ұсталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға ерлі-зайыптылардың арасындағы тұрмыстық жанжалдан кейін болған. Әйелдің жарақат алғаны туралы құқық қорғау органдарына 6 қараша күні жедел жәрдем қызметінің диспетчері хабарлаған.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ер адамның әйеліне 26 рет пышақ сұққаны туралы ақпарат тарады. Алайда Қарағанды облысының полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды. Демек, желіде жарияланған жарақат саны ресми түрде расталған жоқ.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар