Көпбалалы аналарға жағымды жаңалық: төлемдер артатын болды

24.11.2025 14:16 Мөлдір Талғат
Көпбалалы аналарға жағымды жаңалық: төлемдер артатын болды
0
222
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда көпбалалы отбасылар мемлекеттен тұрақты әлеуметтік қолдау алады, және 2025 жылдың басынан бері мұндай жанұяларға жарты триллион теңгеден астам жәрдемақы төленген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Төрт және одан да көп баласы бар ата-аналарға, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар жанұяларға көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұл төлемдер отбасының табысына қарамай, барлық көпбалалы отбасыларға бірдей беріледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленеді.

2025 жылғы көрсеткіш бойынша, 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге, 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге, 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге, 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге, ал 8 және одан көп баласы бар отбасыларға әр балаға 4 АЕК, яғни 15 728 теңгеден төленеді. 2025 жылдың қазан айында бұл жәрдемақыны 590 мың азамат алып, жалпы төлем көлемі 45,4 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері орта есеппен 603 мың отбасы қамтылып, оларға 436,5 млрд теңге көлемінде қаражат берілген. Сонымен қатар, Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрынғы «Батыр ана» және «Ана даңқы» I–II дәрежелі ордендерінің иегерлеріне өмір бойы төлем жасалады. 2025 жылы «Күміс алқа» иегерлеріне 6,4 АЕК немесе 25 165 теңге, ал қалған марапатталған аналарға 7,4 АЕК немесе 29 097 теңге көлемінде жәрдемақы төленуде.

Қазан айында бұл санаттағы 245,1 мың ана 6,6 млрд теңге алды, ал жыл басынан бері 243,4 мың адамға 65,2 млрд теңге берілген. Осылайша, 2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға жалпы 501,8 млрд теңге, яғни жарты триллион теңгеден астам әлеуметтік төлемдер аударылған. Алайда елімізде тек көпбалалы отбасылар ғана емес, өзге де әлеуметтік санаттар мемлекеттік қолдау алады және кей жағдайларда бұл төлемдерді оған құқығы жоқ азаматтар да пайдаланып кететіні жасырын емес.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий