"Көрші елде нөмір қосылған": Атырауда жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты

05.01.2026 14:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1619
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының із-түзсіз жоғалуына байланысты істің төңірегінде жаңа мәліметтер пайда болды. Оқиғаға қатысты белгісіз жайттар көбейіп, қоғамда күмән мен сауал одан әрі арта түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сүйенсек, өзін атыраулық IT-маман, «хакер» ретінде таныстырған азамат жоғалып кеткен отбасының ұлы Наурызға тіркелген SIM-карталар әлі де белсенді қолданылып жатқанын алға тартқан. Оның айтуынша, бұл нөмірлер арқылы WhatsApp мессенджеріне тәулігіне бірнеше мәрте кірілген, ал геолокациялық деректер Өзбекстан аумағын көрсеткен.

Сонымен қатар марқұмдардың туыстары қараша және желтоқсан айларындағы зейнетақы төлемдері белгісіз адамдар тарапынан шешіп алынғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, WhatsApp арқылы отбасының үй жануарлары сатылғаны жөнінде ақпарат тарады. Ал хат-хабарлардың барлығы жоғалған ұлдың атынан жазылғаны айтылуда.

Алайда ақпарат таратқан азаматтың сөзінше, ресми дерекқорлар бойынша отбасы мүшелерінің ешқайсысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңды түрде кесіп өтпеген. Бұл туралы тиісті жүйелерде ешқандай тіркеу жоқ. Дегенмен ол Түркістан облысы аумағында Өзбекстанға апаратын бейресми өткелдер бар екенін, сол бағыттар арқылы қозғалыс болуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.

Өзін «хакер» деп таныстырған азамат мемлекеттік жүйелерге заңсыз кірмегенін, тек ашық дереккөздерге, SIM-карталардың техникалық талдауына және байланыс операторларынан алынған мәліметтерге сүйенгенін атап өтті. Сондай-ақ оның күдік тудырып отырған нақты бір адамы бар екенін де жасырмады.

«Мен ешқандай мемлекеттік базаны бұзған жоқпын. Барлығы – ашық ақпарат пен техникалық деректердің нәтижесі. SIM-карталардың әлі де қолданылып жатқаны – күмән тудырады», – деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий