Көрші елдің министрі темекі шеккені үшін жауапқа тартылды
1849
Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков желіде тараған бейнежазбадан кейін қоғамдық орында темекі тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Politico.kz порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты көрші елдің ішкі істер министрлігі растады. Әлеуметтік желілерде шенеуніктің көпшілік ортада шылым шегіп тұрған сәті таралғаннан соң оған қатысты арнайы хаттама толтырылған. Аталған оқиға ел арасында үлкен резонанс тудырып, билік өкілдерінің заң талаптарын қаншалықты сақтайтыны туралы қоғамда қызу талқыға ұласты.
Бүгін 23 наурызда министрге 3000 сом көлемінде айыппұл салынғаны белгілі болды, бұл біздің валютамен есептегенде шамамен 16 518 теңгені құрайды.
Ұлан Омоканович Ниязбеков — Қырғызстанның мемлекеттік қайраткері, милицияның генерал-лейтенанты. Ол 2020 жылдан бастап Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі қызметін атқарып келеді.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...