КҚК жұмысы толық тоқтай ма? Министрлік ресми жауап берді
Қазақстан Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КТК) жұмысына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме беріп, мұнай құбырының толық тоқтайтыны туралы мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта КҚК қызметін толық тоқтату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Алайда 31 шілде күні мұнай құбыры жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылған.
Министрліктің мәліметінше, қазір мұнай жөнелтушілерден шикізат қабылдау жалғасып, резервуарлар мұнаймен толтырылып жатыр.
1 тамыздан бастап тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылдануда. Алдағы уақытта тасымал көлемінің ұлғаюы теңіз терминалында танкерлердің уақытылы тиеуге келуіне байланысты болмақ.
Энергетика министрлігі КҚК және мұнай жөнелтуші компаниялармен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Ведомство жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...
09.11.2026
16:19
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
09.11.2026
16:15
"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына то...
09.11.2026
15:51
Түркістанда балалар ойын алаңында екі әйел төбе...
09.11.2026
15:19
Әйел мен төрт баласын бензин құйып өртеген ер а...
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...