«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады

«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
Фото: ФК “Челси”

Лондонның «Челси» клубының қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтетін «Тоттенхэмге» қарсы кездесуді қосалқы құрамнан бастайды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бапкерлер штабы бұл жолы алаңға негізінен негізгі құрам ойыншыларын шығаруды жөн көрді. Бұған дейін «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде көбіне қосалқы құрам мен жастар алаңға шыққан болатын.

«Тоттенхэмге» қарсы матчтың бастапқы құрамында Шарман-Лоу, Палестра, Фофана, Колвилл, Хато, Эссуго, Лавиа, Эстевао, Палмер, Гиттенс және Жоау Педро өнер көрсетеді.

Ал Дастан Сәтпаев қосалқы ойыншылар тізіміне енді. Клубтың жоспарына сәйкес, қазақстандық вингердің екінші таймда алаңға шығуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу