КҚК-дағы шабуылдардан кейін мұнай тасымалы тоқтай ма: министрлік шұғыл мәлімдеме жасады

23.07.2026 17:43 Әсел МҰРАТ
КҚК-дағы шабуылдардан кейін мұнай тасымалы тоқтай ма: министрлік шұғыл мәлімдеме жасады
146
Фото: ашық дереккөз

Танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін Каспий құбыр консорциумының жұмысы және мұнай өндіру көлемдеріне қатысты Қазақстан энергетика министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазіргі уақытта ҚКК теңіз терминалында Қара теңіз акваториясындағы кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылды. Бұл ретте консорциумның барлық өндірістік және техникалық нысандары жарамды жағдайда, штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жағдай қалыпқа келген бойда шикізатты қайта тиеуді дереу бастауға дайын», - делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты және резервуарлық парктердің шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу мақсатында мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіру көлемдеріне жоспарлы түрде түзету енгізді. 

«Соның нәтижесінде мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді. Бұл шара технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан энергетика министрлігі ҚКК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен, кеме иелерімен және салалық мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық мұнай экспортын әлемдік нарықтарға тұрақты түрде мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге қажетті жағдайларды жасау жөнінде үздіксіз консультациялар жүргізілуде», - дейді министрліктегілер.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы 21 шілдеден бастап Қазақстан мұнайын қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 2026 жылдың 17 және 19 шілдесінде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге дрондар шабуылын қатаң айыптаған.

Осыдан кейін Қазақстандағы Украина елшісі Виктор Майко Украинаның Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкерлерге жасалған шабуылға қатысы барын жоққа шығарған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий