"Күліп тұрған көздің астында мұң жатыр": Айнұр Тұрсынбаева жұртты ойландырып қойды

19.01.2026 10:47 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
267
Фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі парақшасында қоғамдағы жалған жылтыр өмір мен әлеуметтік желідегі жасанды бақыт туралы ой қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақынның айтуынша, көпшілік Instagram-да мінсіз көрінуге тырысып, шынайы өмірді кадр сыртында қалдырады.

«Бұл дүние жалған деп жатамыз… Ал жалғандықтың көкесі – Instagram-да. Өліп кетсек те шынайы түрімізді салмаймыз. 100 селфи түсіріп, “бетім табақтай болып қалыпты”, “безеуім көрініп тұр” деп, ең әдемі әрі ең өтірік фотосын ғана жариялаймыз», – деп жазды ол.

Сондай-ақ айтыскер әлеуметтік желі үшін кейде адамдар өздерін де, жақындарын да қинап қоятынын атап өтті.

«Суретке түспейтін күйеуін зорлап отырғызып, зорлап күлдіріп, зорлап құшақтап фотоға түсетіндер бар. Ол байғұс күйеу әрең жымиып отырады», – дейді ақын.

Айнұр Тұрсынбаева желідегі жарқыраған өмірге алданып қалмауға шақырып, әр суреттің артында мүлде басқа шындық жатуы мүмкін екенін ескертті.

«Instagram-дағы жарқ-жұрқ еткен өмірге қызықпаңыздар. Күліп тұрған көздің астында мұң болуы мүмкін. Қымбат көйлек пен қымбат көліктің артында қаптаған қарыз жатуы ғажап емес», – деп түйіндеді ол.

Желі қолданушылары бұл жазбаны шынайы әрі ой салатын пікір ретінде қабылдап, ақынның ойымен келісетіндерін білдіріп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий