«Күрделі ота жасалды»: танымал тележүргізуші мұңын шақты

12.11.2025 09:25 Мөлдір Талғат
«Күрделі ота жасалды»: танымал тележүргізуші мұңын шақты
0
213
Фото: коллаж sn.kz. Суретте: Дина Төлепберген

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Ол соңғы уақытта өз өмірінде орын алған қиындықтар мен сынақтар жайлы ашық айтып, тыңдармандарына жүрекжарды жазбасын арнады.

Журналист жазбасында таяуда өтетін халықаралық жарысқа қатысу жоспары туралы айтып өтті:

"Сіздерге бір нәрсе айтқым келді. Тура бір аптадан соң, 15-қарашада Тайландта Oceanman жарысы өтеді. Мен 5 км ашық суда жүзбекке слот алғанмын. Ұшақ билеттері де бар. Тек жарысқа дайындық… ойлағандай болмады. Ұлымның қолы сынып, күрделі ота жасалды. Ауруханада екі апта жаттық. Жаттығу жайында қалды. Бірақ бәрібін де жарысқа бармаққа бекініп отырмын", — деп жазды ол.

Дина Төлепберген өмірінде соңғы уақытта осындай күтпеген қиындықтар жиі қайталанатынын айтып, бұл жағдайдың мәнін түсінбей жүргенін жеткізді. Ол өз жазбасында оқырмандарынан кеңес сұрап, тағдырдың бұл сынақтарын қалай қабылдау керектігі туралы ойымен бөлісті:

"Сорақысы сол, бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Ылғи осындай жарыс алдын бір сынаққа тап боламын, әйтеуір. Түсінбей жүрмін. Тағдырдың “тоқта” деген белгісі ме бұл? Әлде іштегі қорқынышымнан ба? Сіздер қалай ойлайсыздар? Сіздердің кеңестеріңіз маған қазір өте маңызды. Шынымен. Жауаптарыңызды күтемін", — деді тележүргізуші.

Оның бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып, көпшілік жылы пікірлер мен қолдау сөздерін қалдырды. Көптеген оқырман тележүргізушіні рухы мықты, табанды тұлға ретінде сипаттап, алдағы жарыста сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий