"Күйеуімді үйден қуып жібердім": Дина Төлепберген неге мұндай қадамға барғанын айтты
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын елең еткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналист өткен аптада күйеуін IELTS емтиханына алаңсыз дайындалуы үшін әзіл-шыны аралас «үйден қуып жібергенін» айтты. Оның айтуынша, жұбайына: «Алаңдамай дайындал. Тапсыра алмасаң, келмей-ақ қой», – деп қалжыңдаған.
Сырттай сабырлы көрінгенімен, бұл кезең екеуі үшін де толқуға толы болғанын жасырмады. Дина Төлепберген IELTS-ті жай ғана емтихан емес, өмірдегі маңызды белестердің бірі деп бағалайды. Нәтижесінде оның күйеуі ағылшын тілін ұмытпағанын дәлелдеп, 7.0 балл жинаған. Журналист бұл көрсеткішті жоғары бағалап, жолдасының мүмкіндігі одан да зор екенін атап өтті.
Сонымен қатар тележүргізуші өзі де дәл осы емтиханға дайындалып жатқанын жеткізді. Сынақтан кейін күйеуінен алған әсерін қағазға түсіруін сұрап, жазған мәтінін өзгертпестен жариялағанын айтты. Оның пікірінше, бұл тәжірибе өзге жандарға да шабыт болуы мүмкін.
«42 жаста біз қайтадан студент секілдіміз. Қайта оқып жүрміз. Жаңа мақсат қойдық. Ізденсең, миың да, өмірің де жасарады екен. Үлкен жаңалықтардың алдында тұрғандаймыз», – деп жазды Дина Төлепберген.
Соңғы жаңалықтар