"Күйеулерім ұрған сайын...": Бибігүл Төлегенова өмірінің көлеңке тұстарын айтты

31.12.2025 13:21 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
359
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Халық әртісі, аңыз әнші Бибігүл Төлегенова жеке өміріндегі ауыр кезеңдері туралы ашық айтып, көпшілікті бейжай қалдырмады. Өнер иесі бұл сырын «Астана» телеарнасына берген сұхбатында бөліскен, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстанның Халық әртісі, аңыз әнші Бибігүл Төлегенова жеке өміріндегі ауыр кезеңдері туралы ашық айтып, көпшілікті бейжай қалдырмады. Өнер иесі бұл сырын «Астана» телеарнасына берген сұхбатында бөліскен.

Әншінің айтуынша, оның өміріндегі басты бақ – жар емес, халқы мен өнері болған. Ол отбасылық өмірде зорлық көргенін жасырмай, бар жетістікке ешкімнің арқасынсыз, тек өз талантымен жеткенін атап өтті.

«Күйеуден бағым жанған жоқ. Менің бағым – елім. Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім. Жақсы жар, жақсы келін болуға тырыстым. Бірақ күйеуім арақ ішкіш болды, екі баламды алып қашып кетуге тура келді. Ешкім мені көтерген жоқ. Бәріне өнеріммен жеттім. Бақытымды өнерден таптым», – деді әнші.

Бибігүл Төлегенова келін ретінде де барын салғанын, алайда отбасындағы зорлық пен түсінбеушілікке төзе алмағанын айтады. Оның сөзінше, күйеулеріне тек тұрмыстық қажеттілік керек болған.

«Оларға тамақ керек, қатын керек болды. Бәрін істедім: тамақ та бердім, киімін де жудым. Бірақ командировкаға барғанда қазанымды арқалап бармаймын ғой. Келген соң маған күш көрсететін. Қысқасы, күйеуден бағым жоқ. Елім аман болса, менің атым өшпейді», – дейді қазақтың бұлбұл әншісі.

Аңыз әншінің бұл сұхбаты – тек бір тағдырдың әңгімесі емес, көп әйелдің үнсіз шындығы. Ол өнер арқылы өз тағдырын өзі жасағанын, қиындыққа мойымағанын дәлелдеп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий