Лондондағы элитті қонақүйден Сауд Арабиясы ханзадасының мәйіті табылды
Сауд Арабиясы королінің алыс туысы, 29 жастағы ханзада Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Джалави Әл Сауд Ұлыбританиядағы Кенсингтон ауданындағы Marriott қонақүйінен өлі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ханзаданың мәйіті 2025 жылдың 25 қарашасында қонақүйдің жуынатын бөлмесінен табылған. Алайда бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты БАҚ өкілдері кейіннен жария етті.
Басылымның мәліметінше, сараптама нәтижесі марқұмның қанындағы алкоголь мөлшері рұқсат етілген шектен үш есе жоғары болғанын көрсеткен. Сонымен қатар оның ағзасынан каннабис, Xanax және гамма-гидроксибутират (GHB) препараттарының іздері табылған. Сот-медициналық сарапшылар жүректің тоқтауына алкоголь мен есірткі заттарының бірге әсер етуі себеп болған деген қорытындыға келді.
Белгілі болғандай, қайтыс болардан үш ай бұрын ханзада Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде есірткі мен алкогольге тәуелділіктен арылу үшін арнайы ем қабылдап жүрген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...