Мәулен Әшімбаев: Су тасқыны кезінде халық пен армияның мызғымас тұтастығын көрсете білдік
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Отан қорғаушы күніне орай Facebook парақшасында құттықтау жолдады.
Оның айтуынша, шын мәнінде Отанды қорғау — баршамызға ортақ қастерлі парыз. Биыл алапат тасқынмен күрес кезінде халқымыз осы мәртебелі міндеттің озық үлгісін көрсете білді. Жергілікті тұрғындар арнайы мамандармен және сарбаздармен бірге бөгет салу ісіне үлкен үлес қосты. Бұл бейбіт күнде жасалған ерен ерліктің жарқын көрінісі екені анық.«Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын қас қақпай күзетіп тұрған әскери қызметшілер мен осы жолда еселі еңбек еткен ардагерлерге айрықша құрмет көрсетеміз. Бүгін Отанды сүю, ұлтқа қызмет ету, антқа адал болу сияқты құндылықтар да кеңінен дәріптеледі. Сондықтан елдіктің іргесін бекемдеуде бұл мерекенің маңызы зор» деп атап өтеді Сенат спикері.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз — осы. Алдағы уақытта да еліміз еңселі болып, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Айтулы мерекеде әр шаңыраққа шаттық, азаматтарымызға амандық тілеймін! Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!» деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...