«Мәдениет сарайы менікі болды»: Мұрат Әбілда абақтыда емін-еркін жүрген
1435
Әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділда абақтыда отырғанда да өнерден қол үзбегенін айтты. Ол түзету мекемесіндегі жігіттердің өзіне көрсеткен сый-құрметін есіне алды.
Абақтыға бостандықта жүріп, түрлі сәтсіздікке ұшыраған жігіттер келіп жатты. Олар бұрынғы ішіп, балағат сөз айтып жүргенімді көріп, мені дені дұрыс емес деп ойлайды екен. Мені көріп, маймыл көргендей күледі. Мен өмірде салмақты адаммын. Бастапқыда солай қарап жүреді. Содан шақырып алып, «Бауырым, сен неге күліп жатырсың? Күле беретіндей, мені маймыл көріп тұрсың ба?» дейтінмін. Содан жігіттер түсініп, мені барлығы дерлік «Мәке» деп сыйлап кетті, – деп бастады әңгімесін әнші.Сондай-ақ ол түзету мекемісіне тез бейімделіп, еркін жүргенін де жасырмады.
Екі жарым жылдың ішінде өзіме емін-еркін жүруге мүмкіндік берген түзету мекемесіне алғыс айтамын. Олар менен «2,5 жыл қалай сабырлық танытып жүрсіз? Менің жүйкем жұқара бастады. Бұрын сізді біртүрлі деп ойлаушы едім» дейтін. Мен түзету мекемесінде де ешкімге зиянымды тигізген адам емеспін. Бәрі мені сыйлады, «Мұрат Әбділда» деп еркелетті, емін-еркін жүрдім, шектеу қойған жоқ. Мекемедегі мәдениет сарайы менікі болды. Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру менің мойнымда болды, – дейді Мұрат Әбділда.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
09:43
Таразда 24 жастағы жігітті өлтірді деген күдікт...
05.10.2026
09:29
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ ас...
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...