Мадина Сәдуақасова ерекше суретін жариялады

Мадина Сәдуақасова ерекше суретін жариялады
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында анасы екеуінің суретін жариялап, оны Аналар күнімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Суретте Мадина мен анасы демалыс кезінде бейнеленген. Екеуі де ашық түсті жазғы киімдер мен қалпақ киіп, камераға жымиып тұр. Әнші анасын Instagram-да белгілеп, жүрек смайлигін қалдырған.

Аналар күні биыл Қазақстанда 11 мамырда, көктемнің соңғы айындағы екінші жексенбіде аталып өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу