Мәдина Садуақасованың Қайрат Нұртастың биі желіде қызу талқылануда

Мәдина Садуақасованың Қайрат Нұртастың биі желіде қызу талқылануда
12.10.2025 13:30
0
484
Фото: видеодан скрин

Әнші Мәдина Садуақасованың Қайрат Нұртастың әкесінің тойында айтқан әні мен сахнадағы қимылдары әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Тойда өнер көрсеткен әншінің бейнежазбасы TikTok пен Instagram желілерінде кеңінен тарады. Алайда, желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір бөлігі Садуақасованың қимыл-қозғалысын «ерсі әрі орынсыз» деп сынаса, енді бірі оның кәсіби өнер көрсеткенін айтып, қорғап шықты.

«Тойда үлкендер көп, сондықтан сахнадағы кейбір қимылдар үйлеспей қалған сияқты», — деп жазды бір пікір қалдырушы.

Ал өзге қолданушылар «Мәдина — әрдайым сахна мәдениетін сақтайтын, тәжірибелі әртіс. Бұл жолы да жоғары деңгейде өнер көрсетті» деген пікір білдірген.

Қазіргі уақытта аталмыш бейнежазба бірнеше жүз мың қаралым жинап, пікірталас жалғасып жатыр.

Әншінің өзі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий