C, D және E санаттарына қай отбасылар жатады: Еңбек министрлігі түсіндірді
Қазақстанда отбасылардың әл-ауқатын бағалау кезінде тек олардың ай сайынғы табысы ғана емес, тұрақты жұмысы, баспанасы, мүлкі, жинақ ақшасы мен несиелік міндеттемелері де ескеріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл мақсатта «Отбасының цифрлық картасы» жүйесі қолданылып, азаматтар бірнеше санатқа бөлінеді:
- А және В санаты — материалдық жағдайы жоғары, ауқатты және өте ауқатты отбасылар. Олардың әр мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен кемінде жеті есе жоғары (шамамен 350 мың теңгеден бастап) болуы шарт. Сондай-ақ үлкен баспаналары, қымбат көліктері мен бизнесі бар-жоғы назарға алынады;
- С санаты — тұрмысы тұрақты отбасылар. Мұнда табысы орташа, күнделікті қажеттіліктерін өтей алатын үй шаруашылықтары кіреді;
- D санаты — қаржылық қиындыққа тап болған отбасылар. Табысы төмен, тұрақты жұмысы немесе жеке баспанасы жоқ, несиесін кешіктіріп жүргендер осы топқа жатады;
- Е санаты — мемлекет көмегіне аса мұқтаж топ. Бұл санатқа табысы кедейлік шегінен төмен, мүлкі мен баспанасы жоқ, қарызға батқан отбасылар енеді.
Ведомствоның хабарлауынша, отбасылардың мәртебесі біржола бекітілмейді, тұрмыс жағдайы өзгерген сайын жаңартылып отырады. Бұл тәсіл мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік қолдауды шын мәнінде көмекке зәру азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...
16.10.2026
13:00
Таиландтан ұшып келген 20 жастағы қазақстандық ...
16.10.2026
12:42
C, D және E санаттарына қай отбасылар жатады: Е...
16.10.2026
12:25
Айбек Смадияровқа аса жауапты қызмет бұйырды
16.10.2026
12:21
Қызылордада ана мен 5 айлық сәбиді қаққан жүргі...
16.10.2026
11:41
Таразда куәлігі жоқ жүргізуші қаққан әйел төсек...