Мадуро тұтқындалған сәтте киген Nike костюмі әлемдік хитке айналды

06.01.2026 18:07 Арман Ермеков Арман Ермеков
Мадуро тұтқындалған сәтте киген Nike костюмі әлемдік хитке айналды
0
781
Фото: әлеуметтік желі

Венесуэла басшысы Николас Мадуро тұтқындалған сәтте киген Nike Tech Fleece спорттық костюмі жаһандық деңгейдегі сатылым рекордын орнатты, деп хабарлайды Politico.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп тұтқындаудан кейін жариялаған сурет жаңа трендке түрткі болды. Желі қолданушылары кадрдан Heather Grey Nike Tech Fleece топтамасын бірден таныған. Осыдан соң компанияның ресми сайтында костюмнің ең өтімді өлшемдері санаулы күндер ішінде таусылды.

Интернет кеңістігін "Just Coup It" және "Steal the look" (Образды ұрла) жазуы бар мемдер жаулады. Маркетологтар мен блогерлер мұны бренд үшін "сәтті өнімді орналастыру" және "тегін жарнама" деп бағалады.

Google Trends деректері бойынша, "Nike Tech" іздеу сұранысы 4 қаңтарда шарықтау шегіне жеткен. PeakMetrics талдау орталығының мәліметінше, былтырғы қараша-желтоқсан айларында бұл киім туралы күніне небәрі 325 жазба жарияланса, 3-5 қаңтар аралығында X платформасындағы аталымдар саны тәулігіне 5 мыңнан асқан.

Өндіруші компания дүрбелеңге қатысты ресми пікір білдірместен, тұтынушыларға тауар қайта сатылымға шыққанда хабарлама жіберу қызметін ғана ұсынды. Сатып алушылар костюмнің "әсіресе ұзақ ұшу сапарларында" өте ыңғайлы екенін әзілдеп жазды.

Николас Мадуро 2026 жылдың 3 қаңтарында АҚШ әскерилерінің Каракаста жүргізген арнайы операциясы барысында әйелімен бірге ұсталған болатын. Қазіргі уақытта Нью-Йоркке жеткізілген президентке есірткі терроризмі және есірткі саудасы бойынша айып тағылып, сот процесі жүріп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий