«Маған ақшасы емес, әкем керек болды»: Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесімен калай татуласқанын айтты

27.06.2026 16:28 Қарақат АСЫЛОВА
«Маған ақшасы емес, әкем керек болды»: Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесімен калай татуласқанын айтты
404
Фото-коллаж: Politico.kz
Арсен Алагөзов сегіз жылдық үзілістен кейінгі өмірі қалай өзгергенін айтты

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің ұлы Арсен Алагөзов әкесімен арадағы ұзақ жылдарға созылған қарым-қатынас үзілісі, қайта қауышуы және жаңа қызметі туралы алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзінше, әкесімен арадағы байланыс сегіз жылға үзілген. Осы уақыт ішінде ол Канадада тұрып, кейін Мәскеудегі консалтинг агенттігінде жұмыс істеген. Арсеннің айтуынша, 2024 жылдың 17 сәуірінде әкесімен алғаш рет қайта кездескен.

Арсен бұл кездесуде әкесінен материалдық көмек күтпегенін, оған ең маңыздысы әкелік қамқорлық пен қолдау болғанын жеткізді. Ол әкесімен қайта табысуына қарындасы Әминаның себепкер болғанын айтып, алғысын білдірді. Кейін Тұрсын Алагөзов ұлына Шымкенттегі сыра зауытын басқаруды сеніп тапсырған. Бұл шешімді Арсеннің анасы Ләйсара Маратова да қолдап, ұлына сенім білдірген.

Қазір Арсен Алагөзов аталған кәсіпорынның директоры қызметін атқарады. Ал Тұрсын Алагөзов өндіріс, қаржы және логистика бағыттарына жетекшілік етеді.

Айта кетейік, кәсіпкер 2024 жылы Шымкенттегі сыра зауытын 8 млрд теңгеге сатып алып, кәсіпорынды жаңғыртуға 40 млн доллар инвестиция салған.

Войдите, чтобы оставить комментарий