"Маған қарғыс жазатындардың 90 пайызы – апа, әже, енелер" - Тұрсынбектің екінші әйелі
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікір қалдырып, қарғыс айтатындардың басым бөлігі үлкен кісілер екенін ашып айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Желідегі парақшасында ол қазіргі жастардың өте ақылды, саналы әрі біреудің жеке шекарасын құрметтейтінін алға тартты. Ал қоғамдағы негізгі негативті ересек буын өкілдері тарататынына қынжылды.
«Ең өкініштісі, самайына ақ түскен апайларымыз болып тұр. Маған негатив, қарғыс, ұятсыз сөздер жазатын 90%-ы апа, әже, ене, құдағилар. Ия өздері кезінде таяққа, сатқындыққа, жоқтыққа, амалсыздыққа көніп қойып, енді ішіндегі тырнаған жараның жанына батқанын кімнен аларын білмей, айналғанда бала-шағасы осы үндемесін деп айфон әперіп қойып, кімге не жазарын білмей құсып отырған біреулер. Не айналаға тыныштық жоқ, не келінге тыныштық жоқ, не ортасы жоқ. Өзінің қателігін өзгеден көретін бір тірі жандар әйтеуір», – деп жазды Айман Талғатқызы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...
15.10.2026
17:53
Ақтөбеде билік митинг өткізуге келісім берді