"Мал бағуымыз мүмкін еді". Жазира Байырбекова өміріндегі қиындықтары туралы айтты
1589
Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде басынан өткен оқиғаларын туралы Мамский әңгіме жобасына берген сұқбатында айтты.
Сұқбатта әнші 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрып, ененің қатал тәрбиесінен өткенін мәлімдеді.
"Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Жұмыссыз болдық бәріміз. "Жанболат пен Жазира мал бақтыратын шығармыз" деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім", - деп еске алды әнші сұқбатта.Ол алғашқы отбасылы жылдары қаржылай қиындықтар көргенін жасырмады.
"Қазбек мектепте оқып жүргенде айтамын. Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан "мұндай жерде тұрмас едім, деп айтуға болмайды" деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан "олай етпес едім, мұндай тұрмас едім" деп айтуға болмайды... Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, "сенің өмірің мынау деп көрсеткендей" болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің өмірдің бақытын, рахатын енді көріп бастаған сияқтымын", - дейді әнші Жазира Байырбекова.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...