Маңғыстау облысында алабай баланы талап тастады
Маңғыстау облысында ит шабуылынан жасөспірім жараланды
Маңғыстау облысында алабай тұқымды ит жасөспірімге шабуыл жасап, ауыр жарақаттады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында болған. Жасөспірім мектептегі сынып жетекшісіне ата-анасы күтіп тұрғанын айтып, мектептен ертерек шығып кеткен. Үйіне қайту үшін такси күтіп тұрған кезінде артынан алабай ит шабуыл жасаған.
"Ұлым ұзақ уақыт итпен арпалысты, бірақ алабай оның екі қолын қатты тістеп, денесін ауыр жарақаттады," – деп мәлімдеді зардап шеккен баланың әкесі Ықылас Жарылғапов.
Жасөспірімді ес-түссіз күйде газель жүргізушісі тауып, оның әкесіне хабар берген. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушінің жағдайы тұрақты. Полиция иттің иесін анықтап, оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
16:51
Шортандыда вагон үстіне шыққан оқушыны тоқ соқты
30.10.2026
16:25
Жетісуда «жүкті» әйел 15 тәулікке қамалды
30.10.2026
16:06
Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды
30.10.2026
16:04
«Балалар үшін үйленбедім»: Медеу Арынбаев марқұ...
30.10.2026
15:45
Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі үш есе арзанға са...
30.10.2026
15:24
«Бетімді тырнап, жарақаттады»: Алматыда ер адам...