Мақпал Жүнісова: 6 шілдеде туғандар жүз жасаңыздар!

Мақпал Жүнісова: 6 шілдеде туғандар жүз жасаңыздар!
07.07.2025 18:39
0
79

Халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Себебі ол Мерейге жаңа Hyundai маркалы автокөлікті сыйлады.

«Екінші рет алып жатырмыз. Аллаға шүкір! Бірінші көлігі тозған жоқ. Бірақ туған күніне жаңартып, үш жыл бұрынғы темір тұлпарын бауырына сыйлап жатырмыз.

Осы күні 6 шілдеде туғандар жүз жасаңыздар!», - деп жазды Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парағында.

Желі қолданушылары қуанышты жаңалыққа жылы лебіздерін білдірді. 

«Құтты болсын жақсылыққа мінсін», «Құтты болсын, қайда жүрсе жолы ашық болсын, туған күніне ерекше сыйлық екен, Мерейің бар үмітіңді ақтасын», «Туған күндеріңіз, жаңа тұлпар құтты болсыыын! Мерейдің қызық-қуанышын көріп, қолдаушысы болып жүре беріңіз», - деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий