Мақпал Жүнісова дегеніне жетті

30.04.2026 18:02 Арман Ермеков
Мақпал Жүнісова дегеніне жетті
493
Көлік министрлігі музыкалық аспаптарды тасымалдау талаптарын бекітті. Фото: Мақпал Жүнісованың жеке архивінен

Көлік министрлігі жолаушылардың өтініші бойынша ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау ережесіне өзгеріс енгізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін көлік вице-министрі Талғат Ластаев жолаушылардың ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау ережесі өзгеретінін мәлімдеген болатын. Ведомствоның мәліметінше енді азаматтар домбыра мен қобыз сияқты аспаптарды қабымен бірге салонға алып кіре алады.

«Жоба аясында алғаш рет нормативтік деңгейде жолаушылардың музыкалық аспаптарды салонға қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы бекітіледі», – деп хабарлады министрлік.

Бұл ретте аспаптың көлемі 110х35х30 см, ал салмағы 10 кг аспауы керек. Егер жолаушы өзімен бірге тек бір ғана музыкалық аспап алып жүрсе, оны ұшаққа тегін кіргізеді. Алайда ол қол жүгіне қосымша зат ретінде тасымалданған жағдайда әуе компанияларының талабына сай артық салмақ үшін ақы алынады. Жолаушылардың құқығын қорғауға бағытталған бұл түзетулер 2026 жылдың мамыр айының соңына дейін қабылдануы тиіс.

Айта кетейік Халық әртісі Мақпал Жүнісова ұшаққа домбырасын алып кіру кезінде үнемі қиындыққа тап болатынын талай рет айтқан еді. Мәселен 2024 жылы әнші аспабы үшін 59 мың теңге, кейін Қарағанды мен Қостанай бағыттарында 65 мың теңге төлеген. Ал биыл 16 наурызда Қостанайға ұшар алдында тағы да түсініспеушілік туындап, ол домбырасын қосымша 5 мың теңге төлеп әрең өткізгенін мәлімдеген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий