Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне үй алып берді
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне толық жабдықталған тұрғын үйлер сыйлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, арнайы қызметкерлеріне арналған шағын, бірақ барлық жағдайы жасалған үйлердің тапсырыспен дайындалғанын айтты.
«Күзетші мен жүргізушінің арнайы тұрғын үйі. Ішінде дәретханасы, жататын бөлмесі, асүйі бәрі бар. Осындай, кранмен әкеліп құрып жатыр. Тұрғын үй толық жабдықталған, жылытылған, қыста суық, жазда ыстық болмайды. Бәрі заманауи талаптарға сай», – деді Мақпал Жүнісова видеода.
Әншінің айтуынша, бұл үйлер шамамен 3,5 миллион теңгеге жасалған. Ол мұндай шешімді өзіне адал қызмет етіп жүрген жандарға деген алғыс ретінде қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар, бұл тұрғын үйлер гастрольдік сапар кезінде үйді қарап, аула күтімімен айналысуға да қолайлы екенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...