Марқұм Мұрат Бисембиннің жары жантебірентерлік жазба жариялады
1277
Марқұм актер Мұрат Бисенбиннің жары әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, бірге өткізген ұзақ жылдарын еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол жазбасында шынайы махаббаттың тек қуанышты сәттермен емес, төзім, сенім және өмірдің түрлі сынақтарын бірге еңсерумен өлшенетінін айтты. Жұбайының сөзінше, олар жастық шақты да, қиындықтарды да, қуаныш пен қайғыны да бірге өткерген.
«Кеше ғана бір әлемді бірге бөлісіп жүрген едік, ал бүгін сол жолды жалғыз естеліктермен жалғастырып келемін. Адам өмірден өтсе де, жүректе қала береді. Кейде оған айтқың келген сөздерді іштей айтып, маңызды жаңалықтарды сонымен бөліскің келеді», – деп жазды ол.
Марқұм актердің жары шынайы махаббат адамның өмірден кетуімен аяқталмайтынын атап өтті.
«Нағыз махаббат мәңгілікке жүректе сақталады», – деді ол.
Желі қолданушылары жазба астына көңіл айтып, актердің отбасына қолдау білдірді.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...