Марқұм Нұрайға ақ орамал жабылған кадрлар желіде дау туғызды
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбай "өз еркімен тұрмыс құруға келісімін берді" деген пікір таралуда, тіпті басына ақ орамал жапқан кездегі видеосы мен полиция бөлімшесінде түсінік беріп жатқан бейнежазбасы таралды, деп хабарлайды Politico.kz
Видео ZTB NEWS Telegram- арнасында жарияланған.
Онда Нұрайды күдікті көлігімен үйіне әкеледі. Үлкен кісілер жас қыздың басына ақ орамал жауып, үйге кіргізген сәті бейнеленген.
Осы жайтқа қатысты жәбірленушінің адвокаты Сержан Нұрпеисов мәлімдеме жасады.
Мен, Нұрайдың адвокаты ретінде айтарым көп. Бірақ, тергеудің құпиялығына байланысты жария ете алмай отырмын! Бұл бейне жазба қалай пайда болғаны туралы, полицияның былығы туралы материалдар жетерлік. Осы істі соңына дейін жеткізіп, ақты ақ, қараны қара қылып көпшілікке жеткізетін боламын!, деп жазды қүқық қорғаушы.
Айта кетейік, бұған дейін осы іске байланысты қызметінен қуылған Әбілғазы есімді офицер "Нұрай ол үйге өз еркімен" барғанын ашық мәлімдеген еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...