Мәсімовтің экс-күйеу баласы ҚТЖ-дағы күмәнді мәміле туралы айтуға уәде берді

03.07.2026 12:05 Әсел МҰРАТ
Мәсімовтің экс-күйеу баласы ҚТЖ-дағы күмәнді мәміле туралы айтуға уәде берді
204
Коллаж: politico.kz

Мемлекетке опасыздық жасау және жемқорлық қылмыстары үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов әлеуметтік желіде «Қазақстан темір жолы» компаниясына қарасты зауыттың сатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

Азамат Қапеновтің айтуынша, «Қазақстан темір жолының» балансында болған зауыттың құрылысына шамамен 18 миллиард теңге жұмсалған. Алайда кейін бұл нысан небәрі 90 миллион теңгеге сатылған.

«Пікірлерде осы зауыттың атауын бірінші болып дұрыс жазған адамға жауап ретінде оның қандай жолмен сатылғанын толық түсіндіріп, арнайы рилс жариялаймын. Бастайық», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Азамат Қапеновке халықаралық іздеу жариялаған еді. Осыдан кейін ол әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, жарияланымдары арқылы өзіне тағылып отырған айыптармен және заңсыз әрекеттермен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Азамат Қапеновке қатысты сырттай қамауға алу туралы шешім шығарылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий