Елге танымал спортшы қайтыс болған соң ағзалары төрт адамға өмір сыйлады
122
Сингапурда 24 жастағы муай-тай шебері Дамиан Онг қайтыс болғаннан кейін өз ағзаларын донор ретінде төрт науқасқа берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Спортшы 12 қыркүйекте сүт безі қатерлі ісігімен күрес қорына қаражат жинауға арналған AMC 13 – Fight for Hope қайырымдылық жекпе-жегі кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, 27 қыркүйекте спортшы көз жұмды.
Марқұмның соңғы тілегі бойынша оның жүрегі ауыр дертке шалдыққан науқасқа, бауыры екі жылдан астам уақыт бойы кезекте тұрған егде жастағы әйелге берілді. Ал бүйректері жылдар бойы диализде болған 40 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйелге трансплантацияланды.
"Онг бұл адамдардың өмірін өзгертті. Оларды ауыр диализ процедурасынан арылтып, жақындарымен бірге өмір сүруге жаңа мүмкіндік сыйлады", – деді трансплантологтар
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
12:48
Бұрынғы сенатор Амангелді Нұғманов Көлік минист...
05.10.2026
12:23
Елге танымал спортшы қайтыс болған соң ағзалары...
05.10.2026
12:18
Ресейдегі оба дерті Қазақстанға қаншалықты қауі...
05.10.2026
12:01
«Қазақмыс» Жезқазғандағы фабриканың тұрмыстық ғ...
05.10.2026
11:45
Мырзахметовтің бірінші орынбасары: Айтқұрман Ом...
05.10.2026
11:17
Қазалыда парамен ұсталған экс-судья мен сот төр...