Мәсімовтің қаламдары 900 мың теңгеге сатылды
693
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген заттар аукционда сатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Мәсімовтің үйінен табылған он түрлі бағалы бұйымды сатуға шығарды. Олардың ішінде жазу қаламдары, қылыштар, қанжарлар, коллекциялық монеталар және ұлттық өрнегі бар белдік бар.
Сатылымға шығарылған мүліктің жалпы құны 3,5 млн теңгеден асады.
Аукцион 7 қазан күні электронды сауда алаңында өтіп, он бұйымның жетеуі сатылды.
Сатылғандардың ішінде:
- Montegrappa Italia күміс (925 сынама) – 440 мың теңгеге сатылды;
- Visconti Firenze қаламы (Құран сүрелерімен безендірілген) – 402 мың теңгеге;
- Сабы сүйектен жасалған қылыш – 930 мың теңге;
- Сары металдан жасалған өрнекті қылыш – 837 мың теңге;
- Болат қанжар қынымен бірге – 185 мың теңге;
- "Алма отаны", "Астана", "Бәйтерек" және "Қазақстан картасы" атты коллекциялық монеталар жиынтығы – шамамен 199 мың теңгеге сатылды;
- Тағы екі монета – 1000 теңгелік “Қазақстан елтаңбасы” (2003) және 500 теңгелік "Еуразия елдерінің астаналары"(2008) – 82 999 теңгеге өтті.
Соңғы жаңалықтар
04.02.2026
20:04
Шымкентте Нұрайды өлтірген жігіт өмір бойына со...
04.02.2026
19:08
Шымкентте «Мырзабаевские» қылмыстық тобының мүш...
04.02.2026
18:02
Шаханов пен Рахмоновтың атынан жалған ақпарат т...
04.02.2026
17:31
Наурызда күн жылып, жаңбыр жауады: бес облысқа ...
04.02.2026
16:47
Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген ірі бизнес-о...
04.02.2026
16:17
"Бесіктегі сәби де шетінеген": Алматы облысында...