"Мені дұшпан көреді": Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтарды

19.03.2026 12:47 Мөлдір Талғат
236
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева блогер Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында өміріндегі қиын сәттер туралы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта бастан өткерген жағдайлар оған оңай соқпағанын айтып, көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті.

«Қазмедианың аялдамасында 1 сағат отырып, жыладым. Мен әріптестерім туралы, танымал адамдар жайлы көп нәрсе білемін. Көп адамдар маған ала көзбен қарады. Ақтаудың шетіндегі абақтыға бардым. Ешбір адамға түрме табалдырығын аттауды тілемеймін. Өзім танымайтын бір қазақ баласын іздеп барып, сол жерге кірдім», – деді әнші.

Оның айтуынша, осы оқиғалардан кейін психологиялық тұрғыда қатты күйзеліс болған. Тіпті кей сәттерде өзін жайсыз сезініп, денсаулығына да әсер еткенін жеткізді.

«Қонақүйге кірген кезде есіктің алдында талып қалдым. Елге есеп бергім келіп, осындай күйге түстім. Халықтан жиналған ақшаның киесі бар ма деп ойлаймын. Сол киесі мені де, басқа ақша жинағандарды да ұрды деп есептеймін. Әлі де әсері болады деп ойлаймын», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий