"Мені қорқытып жатыр": Белгісіз біреулер Мақпал Жүнісоваға ескерту жасады
2381
Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекім оның Астанада тұратын әпкесіне хат жолдаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Хатта Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері үйіндегі газ ақысын төлемей жүргені жазылған. Автор өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырып, қарыз бүгін өтелмесе, газ өшірілетінін ескерткен.
«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – делінген хатта.
Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешқашан қарыз болмағанын мәлімдеді.
«Бұл қай қазақ мені қорқытып жүрген? Ешқашан қарызға батпаған адаммын. Астанадағы әпкеме хабарласыпты», – деді Мақпал Жүнісова.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...