"Мені қынжылтады". Бишімбаев ісінен кейін танылған прокурор өкінішін жеткізді
Қуандық Бишімбаев соты арқылы танылған прокурор Айжан Аймағанова желіде бұған дейін көпке танымал болуға құмартпағанын, көмек сұрағандарға көмек бере алмай қалатын жағдайлар қынжылтатынын айтып, жан сырын бөлісті.
"Кеш жарық! Көп нәрсені, көңілдегіні сіздерге шығарайын деп едім, жүрегіме сыймай жүр. Осы жарты жылда өмірге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді - мен көпшілікке танымал болдым. Осы жағдай мені қынжылтады. Шынында, мен көпшілікке танымал болуға ешқашан тырысқан емеспін, ол үшін жанымды салып, жарқырап жүруге ешқандай құмарым да, құлқым да жоқ. Әлі күнге дейін сұхбатқа, көпшілік алдында сөйлеуге шақыратын жерлер көп. Бірақ мен бас тартамын. Алайда бұдан ешқайда қаша алмайтын секілдімін. Абай айтқандай, "өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден". Бірақ өмір өз ережелерімен жүргізеді екен", - деп жазды ол.Мемлекеттік айыптаушы одан көмек сұрайтын адамдардың жеткілікті екенін айтады.
"Осы таныстықтың арқасында көмек сұрағандар да бар, біреулеріне шама жетіп жатса, көмектесіп жүрмін, бірақ өкінішке қарай, көмек бере алмай жатқан жағдай да бар. Шама жетпейді, ол маған да оңай тимейді. Әрине, бәріміздің көзқарасымыз әртүрлі, бәрімізді біріктіретін нәрсе - адам болуға ұмтылыс. Жазба жазбай тұрып, көп толғанамын, ойланамын, өз-өзімді сынаймын, сіздерден сынды қабыл аламын. Бірақ шынымды айтсам, жазба жазып, масаттана қоймаймын. Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті", - дейді Айжан Аймағанова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...