«Мені ресейлік деу – құрметсіздік»: Олимпиада жеңімпазы Михаил Шайдоров өзіне тағылған атауға қарсы шықты

15.02.2026 13:44 Қарақат АСЫЛОВА
«Мені ресейлік деу – құрметсіздік»: Олимпиада жеңімпазы Михаил Шайдоров өзіне тағылған атауға қарсы шықты
218
Фото: zakon.kz
Ресейлік БАҚ Шайдоровты “өзіміздің бала” деп атады

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында «ресейлік спортшы» деп көрсетіліп бастады, деп хабарлайды Politico.kz сайты Malim.kz-ке сілтемемен.

Спортшының айтуынша, мұндай анықтама шындыққа жанаспайды және оны құрметтемеумен тең. 2024 жылдың соңында Гран-при кезеңіндегі сәтті өнерінен кейін бірқатар шетелдік басылымдар Шайдоровты «ресейлік» деп атаған. Миландағы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған соң да осы сипаттағы ақпараттар қайта тараған.

Бұл мәселеге байланысты ол былтыр қаңтар айында Sport+ телеарнасындағы «Тікелей әңгіме» бағдарламасында өз позициясын нақты жеткізген.

«Мен Алматыда дүниеге келдім. Сол жерде өстім, қазір де сол қалада тұрамын. Уақытымның көп бөлігін Қазақстанда, өзімнің сүйікті қаламда өткіземін. Мәнерлеп сырғанауды “Рамстор” сауда орталығындағы мұз айдынында бастадым. Ол жерде көптеген спортшылар, соның ішінде Денис Тен де жаттыққан. Ресейде оқу-жаттығу жиындарына қатысып, белгілі бір уақыт болдым. Бірақ соңғы кездері көбіне Алматыда жаттығып жүрмін. Мені ресейлік спортшы деп атау – маған деген құрметсіздік», – деді ол.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстан атынан халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүрген спортшы. Ол Миландағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи жеңіс сыйлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий