"Менің ондай бала тууым мүмкін емес": Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын ерекше қызы туралы сыр шертті

21.07.2026 16:01 Мөлдір ҚАЙНАР
1301
Фото: коллаж sn.kz

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жубайы Толқын әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше қызы Кәусар туралы видео жариялап, жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

​Оның айтуынша, тұңғыш перзенті өмірге келгелі өзінің көзқарасы мен өмірлік ұстанымы түбегейлі өзгерген.

​"Өз-өзіме сұрақ қойдым. Медицинадан басқа ештеңе көмектеспесе, мен осындай баламен қалай өмір сүремін? Кәусар дүниеге келгелі Толқын 360 градусқа өзгерді. Қазіргі Толқынның жолын бастап берген сол Кәусар десем қателеспеймін. Ең біріншіден, Кәусар дүниеге келгеннен бастап мен шағымданбауды үйрендім. Бастапқы уақытта қиын болды. Бастапқы уақытта қабылдамау, қарсыласу болды", – деді Толқын.

​Сондай-ақ ол алғашқы жылдардағы психологиялық кезеңдерді еске алып, бұл жағдайдың өзіне берген үлкен сабағы мен таңдау концепциясын баяндады.

​"Менің ондай бала тууым мүмкін емес, баламның диагнозының бар болуына мен лайықты емеспін деген үлкен қарсыласу болды. Бірақ уақыт өте қабылдадым. Қабылдау менің дамуыма, білім алуыма әсер етті. Бастапқы 5 жылда тек ем алумен болдық. Кәусар жүрмесе де, сөйлемесе де өмірге сондай қуанышпен қарайды, тамақ ішсе де сондай бақытпен жейді. Сонда адамның бақытты болуы үшін тек таңдау жасау керектігін түсіндім. Кәусар – менің өмірімдегі ең үлкен сый", – деп жазды әншінің жары.

Войдите, чтобы оставить комментарий