«Менің үлкен қателігім...». Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды
1166
Актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтып берді.
Ол Instagram желісіндегі парақшасында жақында жарыққа шығатын сұқбаттың үзіндісін жариялады.
Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім, - деді актер.Ол денсаулығы жақсарған соң, рухани әлсіреп кеткендігін түсінеді.
Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек, - деді Жахан Отарғалиев.Актер рухани реттелгенде жаны рахаттана бастағанын айтады.
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
13:21
Елордада Әділет партиясы бас қосты
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...