Меркіде қайтыс болған 19 жастағы келіншектің анасы шындықты жайып салды

18.08.2026 12:24 Мөлдір ҚАЙНАР
Меркіде қайтыс болған 19 жастағы келіншектің анасы шындықты жайып салды
311
Фото: коллаж politico.kz

Жамбыл облысы Меркі ауданында өз-өзіне қол жұмсаған 19 жастағы Мадинаның анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, қайғылы жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қара жамылған ананың айтуынша, құдалары қызының қазасын жасырып, ұзақ уақыт бойы "тірі" деп алдап келген.

"Қызымның қайтыс болғанын құрбысы Зейнептен естідім. "Қызым қайда?" деп сұрадым. Қазір сағат 9-да келеді, ауруханада деді. 9-да келген жоқ. Ешқайсысы қайтыс болғанын айтқан жоқ. Күйеу бала жұмыссыз, жасы 23-те. Алып қашты, бірақ біз қалдырмаймыз деп шештік. Қызым өзі "қаламын" деп қалды. Екеуі интернет арқылы танысқан", – деді марқұмның анасы.

Сонымен қатар ол құдалар тарапынан ешқандай жанашырлық болмағанын және күмәнді бейнежазба туралы сөз қозғады.

"Жаназаға құдалардан ешқайсысы келмеді. Олардың жаны қиналып тұрған жоқ. Бәрібір болып тұр. Мамасына қызының атынан видео жіберген, "мен асылайын деп жатырмын" деп. Бірақ оны күйеуі түсірген деп ойлап тұрмыз. Себебі үстіндегі көйлегі тізесінен асады. Беті түсірілмеген, аяғын түсірген. Бірақ аяғы мен денесі әйел адамдікіне ұқсамайды", – деді ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий