Меруерт Өтекешева Баянға сыйлаған камзолдың түпнұсқа екенін растады

19.04.2026 15:05 Қарақат АСЫЛОВА
Меруерт Өтекешева Баянға сыйлаған камзолдың түпнұсқа екенін растады
695
Фото-коллаж: Politico.kz
«Қыз Жібек» костюміне қатысты жаңа мәліметтер жария болды

Қазақстанның танымал актрисасы Меруерт Өтекешева продюсер Баян Алагөзова иелігіндегі камзолдың «Қыз Жібек» фильміндегі түпнұсқа костюм екенін растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы журналист Гүлбану Әбенова актрисамен болған сұхбатқа сілтеме жасап мәлімдеді. Журналистің айтуынша, басты рөлді сомдаған актриса камзолдың шынайылығын растаған және уақыт өте келе фильмдегі көптеген реквизиттер мен костюмдердің әртүрлі адамдардың қолына тарап кеткенін айтқан.

Сонымен қатар, актрисаның сөзінше, қазіргі таңда музейде костюмнің тек бір ғана нұсқасы сақтаулы, алайда оған тиісті деңгейде күтім жасалмай отыр. Дегенмен, Меруерт Өтекешева камзолдың нақты қай жерде сақталуы керектігі жөнінде пікір білдіруден бас тартқан. Ол бұл мәселенің айналасындағы артық дабысты құптамайтынын жеткізген.

Журналистің мәліметінше, актриса қазір назар фильмдегі өзге мәселелерге емес, ең алдымен өзіне аударылуы тиіс деп есептейді. Өйткені, аңызға айналған туынды актерлерінің ішінде бүгінде көзі тірі қалған жалғыз адам – өзі.

Бұған дейін Баян Алагөзова камзол төңірегіндегі сынға жауап беріп, бұл бұйымға ондаған жыл бойы ешкім назар аудармағанын айтқан. Оның сөзінше, камзолды кезінде қоймадан қоқысқа тастамақ болған, алайда бір қызметкер сақтап қалып, кейін сенімді қолға тапсырған. Продюсер сондай-ақ бұл затқа қатысты нақты меншік құқығын дәлелдейтін құжаттардың жоқ екенін алға тартып, камзолды өзінің иелігінде қалдыруға ниетті екенін білдірген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий