Министр грантқа түсе алмаған талапкерлерге маңызды үндеу жасады
1232
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грантқа іліге алмаған талапкерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол конкурс нәтижесін соңғы шешім деп қабылдамауға шақырды. Министрдің айтуынша, биыл 127 мың талапкер грант конкурсына қатысып, 75 мыңнан астамы грант иегері атанды.
Грантқа түсе алмағандар үшін де мүмкіндік бар. Биыл ЖОО-лар 2 мыңнан астам ректор грантын, ал әкімдіктер 2 мыңнан астам грант бөлген. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры, KAZENERGY, «Қазатомөнеркәсіп» және басқа ұйымдар білім гранттарын ұсынады.
Сондай-ақ ақылы бөлімде оқып жүрген, үлгерімі жоғары студенттер кейін босап қалған мемлекеттік гранттарға үміткер бола алады.
Министр талапкерлерге университеттердің қабылдау комиссияларына хабарласып, қосымша гранттар туралы ақпарат алуға кеңес берді.
«Бір конкурсты өмірлік үкімге айналдырмаңыздар», – деді Саясат Нұрбек.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
23:24
ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ: Т...
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...