Министрліктер үйіне өрт қойылды

Министрліктер үйіне өрт қойылды
10.07.2025 14:05
0
366
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: gov.kz, wikipedia)

Астанадағы Министрліктер үйінде өрт қою әрекеті тіркелді

10 шілде күні таңертең Астанадағы Министрліктер үйінің бір кіреберісінде өрт дабылы іске қосылып, елордада төтенше жағдай орын алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына шұғыл жетіп, ғимаратты тексеру барысында 24 жастағы белгісіз ер адамның ішке заңсыз кіріп, турникетке жанғыш сұйықтық шашып, от қойғанын анықтаған. Жалынның аумағы шамамен 2 шаршы метрді құраған. Өрт сөндіргіштің көмегімен тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның бұл әрекетке бару себебі мен ғимаратқа қалай кіргені анықталып жатыр.

Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимараттан түтінді шығарып, барлық бөлмелерді толық тексеріп шықты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий