Мөлдір Әуелбекова көпбалалы ананы жылатып, жұртты шошытты

17.11.2025 09:04 Айсұлу Мұрат
Мөлдір Әуелбекова көпбалалы ананы жылатып, жұртты шошытты
0
65
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Харекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп, 8 балалы ананы қуанышқа бөледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әнші арнайы түсірілім барысында көпбалалы анаға «бәліш сатып алу үшін» деп барған. Алайда кадр соңында күтпеген тосын сый жасалып, анаға жаңа үйдің кілті табысталды. Осы сәтте болғандардың айтуынша, көпбалалы ана алғашында жағдайды түсінбей қалған, тіпті не болып жатқанын сезбей біразға дейін сене алмай тұрыпты. Жаңа үйдің кілтін алғанын білгенде, эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алған.

Мөлдір Әуелбекова мен қайырымдылық қорының өкілдері ананың балаларымен танысып, жаңа қуанышты олардың да бірге сезінуіне мүмкіндік жасады. Балалар да аналарымен бірге шын жүректен қуанып, әншіге алғысын білдірді.

Қайырымдылық шарасына қатысқан Мөлдір Әуелбекова көпбалалы ананың жағдайына қолдау көрсетудің – қоғам үшін маңызды қадам екенін айтып өтті. «Харекет» қоры болса, мұқтаж отбасыларға баспана сыйлау бағытындағы жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий