"Мөлдір де жүрсін осылай": Мөлдір Мұқан жас жігітпен көзге түсті
Продюсер Мөлдір Мұқанова желіде жас жігітпен бірге көзге түсіп, жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Мөлдір Мұқанованың ән ырғағымен билеп, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады. Кадрда продюсердің жанында сымбатты жігіт те байқалады. Алайда оның кім екені әзірге белгісіз.
Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік түрлі пікір білдірді. Жұрттың басым бөлігі Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, ақ тілектерін жаудырған.
Пікірлер арасында:
«Мөлдір бақытты бол, жақсы сені алақанында ұстайтын жар жолықсын», «Бақытты болуға лайықты», «Әр әйел бақытты болуға лайық», «Кереметсің, Мөлдір», «Жарайсың, бәріне лайықсың», «Али қыздай-ақ керемет сұлу екен», «Болды, жарайды, күшті», – деген жылы лебіздер жиі кездеседі.
Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары сын айтудан да қалыс қалмады. Олар «Жүре берсін, итак Тұрсынбекті қанша күтті», «Жүрсе жүрер, не жұмыстарың бар», «Жараспайды, дәу қатын», «Осыны несіне шығара береді» деп пікір қалдырған.
Соңғы жаңалықтар