Мөлдір Мұқанға балалары ерекше сыйлық жасап, жүрекжарды тілегін арнады
Продюсер Мөлдір Мұқанды балалары қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Ұл-қыздары аналарына ерекше тосынсый жасап, оған жүрекжарды тілектерін арнаған. Олар анасының мейірімі мен қамқорлығын ерекше атап өтіп, өздерінің бақытты екенін жеткізді.
«Ең қымбаттымыз, әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, жаны мөп-мөлдір анашымыздың қуанып, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз. Мамамыз – біздің жарық жұлдызымыз, мейірімді әрі дана анамыз. Сіздей ананың баласы болғанымызға өзімізді бақытты сезінеміз. Жүзіңіздегі күлкі біз үшін – күннің нұры. Сол нұрға жылынып, әрдайым жаныңызда боламыз. Мейрамыңызбен, мама! Сіз үйреткендей өмір сүріп, бақытты болуға уәде береміз. Армандарымыз орындала берсін», – деп жазды олар.
Мөлдір Мұқан балаларынан алған сыйлыққа қатты қуанып, әсерін жасыра алмаған. Ал желі қолданушылары бұл сәтті көріп, продюсерге жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Последние новости