Мөлдір Мұқанның туған әпкесі Қабатовтың қазіргі тоқалына үндеу тастады
Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанның туған әпкесі Айгүл Түлкібайқызы Қабатовтың қазіргі тоқалына үндеу тастады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Айгүл Түлкібайқызы әйелдің өміріндегі қиындықтар мен ана болудың жауапкершілігі туралы ашық жазба қалдырған.
«Өзіңді жақсы көр, өзіңе қара деп жан-жақтан түртіп, жаны ашыған болып, жүнжітіп жіберетіндер бар. Әрине, әр ситуация әркімде әртүрлі. Бірақ өмірге бала әкеліп, жас анаға міндет бірнеше есе артқанда, “декретте отырмай ақша табу керек” деп әйелді қинап жіберетіндер де кездеседі.Ондай кезде әйелге онлайн жұмыс істеу емес, ең алдымен көмек қажет. Ақыл айтып мазасын алу емес, дәл сол сәтте қолдау мен нақты көмек керек. Үй шаруасына көмектеспейтін күйеуіммен, жастары жақын бес ұлды тәрбиелеу қаншалықты қиын болғанын қазір ғана түсініп отырмын. Көп дүниені автоматты түрде істей берген екенмін, негізі әйелдердің көбі осылай өмір сүреді», — деп жазды ол.
Жазбада ол өмірінің келесі кезеңі туралы да ой бөліскен.
«Бір сәт өз-өзіме есеп берсем, 42 жасқа келіппін. Сол кезде өмірім аяқталғандай көрініп, өзімді кәрі сезініп, ендігі өмірім тек әже болумен шектеледі деп ойладым. Осы оймен үй тірлігіне толықтай кірісіп, бала тәрбиесімен қатар атқарып жүрген бухгалтерлік жұмысымды да тоқтаттым.Алайда 45 жасымда өмірдің жаңа кезеңі басталғанын түсіндім. Қайтадан жұмысқа кірісіп, аутсорсинг арқылы бірнеше компанияға бухгалтерлік қызмет көрсете бастадым. Балаларым да қолдау білдіріп, туған күніме жаңа ноутбук сыйлады, ескі құрылғыдағы барлық мәліметтерді өздері көшіріп, бәрін реттеп беріп жатыр. Бұл — мен үшін үлкен бақыт, қамқорлық пен махаббаттың көрінісі. Болашақ жарларыңа аманат болатын жандарға қамқор әрі адал болыңдар, ұлдарым. Ата-ана ретінде сендер үшін әрдайым басымды тік ұстап жүргім келеді», — деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар